Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету - бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеті.
Осы орайда, 2025 жылдың 05 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің және Тараз қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Геннадий Викторович Ивановпен кездесіп, құрмет көрсетіп қайтты.
Кездесу барысында, Ұлы Отан соғысының ардагері сол кезеңдегі басынан өткен тың оқиғалармен бөлісті.