Тегін құқықтық заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні акциясы өткізілді

Тегін құқықтық заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні акциясы өткізілді

2025 жылдың 30 сәурінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агеттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жамбыл облысы Әділет департаменті және жеке сот орындаушылар, адвокаттар және заң консультанттарымен тегін құқықтық заң көмегін көрсету бойынша «GRAND BAZAR» сауда орталығында ашық есік күні акциясы өткізілді.

Аталған іс шарада сот актілерін орындау, алимент өндіру бойынша, ақысыз адвокаттық көмек көрсету, айыппұл төлеу, бұғаттау және т.б. сұрақтар сұрақтары бойынша Тараз қаласы тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетілді.