Фотосуретке арналған байқауының қорытындысы шығарылды

Фотосуретке арналған байқауының қорытындысы шығарылды

2025 жылдың 30 сәуірінде «Антиконтафакт» республикалық акциясы аясында «Бірге контрафактіге қарсымыз» атты фотосуретке арналған байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауға 15 жұмыс ұсынылды. Байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарау қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, «Ә.Бөкейханов» атындағы орта мектебінің оқушысы Мадина Мейманжанинаның фотосуреті өзектілігі мен мазмұндылығы жағынан басқа ұсынылған жұмыстардан үздік деп іріктеп алынды.

Бұдан әрі, аталған фотосурет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық қорытынды кезеңге қатысу үшін жолданылатын болады.