«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.
Кодексте мемлекеттік қызметшінің жалпы мінез-құлығына қойылатын талаптары халықтың бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, адал, әділ, қарапайым болуға, үнемі біліктілігін арттыруға, шектеулерді қатаң сақтауы, қоғам тарапынан сынға ілікпеуі, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы, іскерлік әдепті сақтауы, мемлекеттің мүлкін, автокөлік құралдарын қоса алғанда тек қызметтік мақсатта пайдалануы тиіс деп белгіленген.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Осы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Бұл ретте, Жамбыл облысының Әділет департаментімен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, профилактикалық бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылдың 1 тоқсанында 13 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 4 семинар-кеңес ұйымдастырылды, 1 радиоға шығу, 7 азамат қабылданды, баспасөз беттерінде 1 мақала жарық көрді және қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің талаптарын орындалуына үнемі сауалнамалар алынуда. Департамент бөлімдерінің, қалалық, ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерімен жалпы 7 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде: 2 дәріс, 3 семинар-кеңес, баспасөз беттерінде 2 мақала жарық көрді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасуда.
Әдеп жөніндегі уәкілі Корабаев Е.