
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен, атап айтқанда, 51 баб үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативінің қызметін тоқтатылуы қарастырылған, осылай үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi мынадай жағдайларда:
1) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған ретте;
2) кондоминиум объектiсiн басқарудың басқа нысанына көшу туралы үй-жайлар иелерiнiң қабылдаған шешiмi бойынша;
3) өрт, жер сiлкiнiсi немесе өзге де зiлзалалар салдарынан үйдiң елу проценттен астамы зақымдалған (қираған) жағдайда тұрғынжайдың зақымдалған (қираған) бөлiгiн қалпына келтiрмеу жөнiнде үй-жайлар иелерiнiң қабылданған шешiмi бойынша;
4) кондоминиумды тоқтатқан ретте тоқтатылуы мүмкiн.