ҚР ӘҚБтК 668 бабына өзгерістер енгізілді

ҚР ӘҚБтК 668 бабына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №155-VII ҚРЗ Заңымен ҚР ӘҚБтК 668 бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес заң консультанттарың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Соған орай, адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң, заң консультанттарының заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.