
2025 жылдың 16 сәуірінде, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің бастамасымен, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Тараз қаласы бойынша Мансап орталығымен бірлесіп, Тараз қаласының прокуратурасының қатысуымен «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Аталаған жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Тараз қаласының 15 кәсіпорындары қатысып, 87 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Іс шараға алимент бойынша 67 борышкер қатысып, оның жұмысқа жолдама алғаны – 42.
Борышкерлерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі ұдайы тоқсан сайын өткізілуде және нәтижесін беруде.