
2025 жылдың 27 наурызында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Б. Шамгуновпен, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің, қаржы және материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерінің және мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдерінің мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен "Zoom" қосымшасы арқылы семинар өткізілді. Аталған семинардың тақырыбы "Әділет департаментінің қолма - қол ақшаны бақылау шотындағы ақша сомаларын есепке алу, сақтау және беру" болды.
Семинар барысында өзекті сұрақтар талқыланып, нәтижесі бойынша мемлекеттік сот орындаушыларының алдына орындау үшін нақты міндеттер қойылды.