Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-3 санаты үшін:жоғарынемесежоғарыоқуорнынанкейінгібілім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы:жұмыстәжірибесікелесіталаптардыңбірінесәйкесболуытиіс:

      1) жұмысөтіліүшжылдан кем емес, оныңішіндемемлекеттікорганның штат кестесіменкөзделгенкелесітөменгісанаттағылауазымдарданемесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынантөменемеслауазымдардабіржылдан кем емес;

      2) жұмысөтіліүшжылдан кем емес, оныңішіндеорталық не облыстықдеңгейдегіқұқыққорғаунемесеарнаулымемлекеттікоргандардыңнемесеҚарулыКүштердіңнемесеәскериоқуорындарыныңәскерибасқаруорганыныңжедел-тактикалықдеңгейінентөменемеслауазымдарынданемесе судья лауазымындабіржылдан кем емесжұмысөтілі;

      3) осы санаттағынақтылауазымныңфункционалдықбағыттарынасәйкессалалардаүшжылдан кем емес.

    Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы: 

 

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланыстылауазымдықжалақысы

min

avg

max

С-О-3

354069

375741

406714

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті, 080000 индексі, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 55, анықтама үшін  телефон: 8(7262)433576, электрондық мекенжай: a.alzhanbayeva@adilet.gov.kz,«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіЖамбыл облысының Әділет департаменті«Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалыста болу кезеңіне (2025 жылдың 30 маусымына дейін), басшы – аға сот орындаушысы(С-О-3санаты, 1 бірлік).Негізгі қызметкер осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа қайта оралуға құқылы.

 

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтармен күрес шараларын іске асырады, осы бағыттағы жұмыстың жағдайына  жауапты және бөлім қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жеке жауапкершілікті мойнына алады, барлық орын алған фактілер бойынша Департаментке хабарлайды, жоғары тұрған органдардың тапсырмалары, бұйрығы және нұсқауларын уақтылы және сапалы орындайды, Департамент сұранысы бойынша  атқарушылық іс жүргізу қозғалысы туралы толық ақпаратты уақтылы ұсынады, істерді іс номенлатурасына сай жүргізеді, атқару құжаттарының орындалуы жағдайын талдайды және жұмысты жетілдіру шараларын іске асырады, сот орындаушыларының шығарған қаулыларын бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың арыздарының уақтылы, сапалы орындалуына жеке жауапкершілікті алады, азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады. Қарамағындағы қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады, бақылайды, атқару өндірістерінің орындалуын қадағалайды, неғұрлым күрделі құжаттарды өз орындауына алады немесе оның орындалуын қамтамасыз етеді, Департаментке тоқсандық есеп және өзекті мәселелер бойынша апталық мәліметтерді тапсыруды қамтамасыз етеді, сот орындаушыларының атқарушылық іс-қимылдарды жасаудың заңдылығына және іс-жүргізу ережесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындап бекітуге ұсынады, қызметтік міндеттерді бөледі, марапаттау және тәртіптік жауапкершілігі туралы ұсыныстар береді. Атқарушылық іс жүргізудің қозғалысы бірыңғай автоматтандырылған акпараттық-талдау жүйесіне, борышкерлердің Республика шегінен шығуына тыйым салу туралы мәліметтерді Беркут  базасына уақтылы енгізілуіне және дұрыстығына, атқарылған жұмыстың Нұсқаулыққа сай жүргізілуіне, №4.0 және 4.1 нысанды кәртішкілерін толтырып  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолдануына, атқару құжатының талабы толық орындалып, атқарушылық санкция толығымен өндірілгеннен кейін бір тәулік ішінде атқару өндірісінің қамтамасыз ету шараларын күшін жою туралы қаулы шығаруына жеке жауапкершілікті алады, Департаменттің құрылымдық бөлімдері және тиісті мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады, бөлім жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікті көтереді, бөлім басшысына жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді атқарады(А блогы).

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

         Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық).

         Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Әңгімелесу өткізу мерзімі: 2024 жылдың 17қыркүйегі.

Әңгімелесу өткізу орны: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 55.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

         Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

         Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешімімен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

 

__________________________
(мемлекеттікорган)

     

Өтініш

           Мені ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

         Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

         Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

               (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

     Мекенжайы: ________________________________________________________

     Байланыс телефондары: ______________________________________________

     e-mail: _____________________________________________________________

     ЖСН: ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

       (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     20 __ ж. "___"_______________