Заңсыз айналымнан 1008 дана контрафактілік өнім тәркіленді

Заңсыз айналымнан 1008 дана контрафактілік өнім тәркіленді

Жамбыл облысы Әділет департаменті қызметкерлерімен зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу мақсатында «Бондюэль С.А.» компаниясы өкілінің өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында «Бондюэль/Bonduelle» тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі анықталды.
Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 158 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, жалпы сомасы 352 800 теңгені құрайтын 1008 дана контрафактілік өнімдер тәркіленді. Аталған іс сотқа жолданылды.