"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік"

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік"

Жамбыл облысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды. Мобильді топтың мақсаты-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу. Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, " Amanat " партиясы, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ төрағалары кірген.

         "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ" көшпелі кеңес беру алаңы 18 сәуір күні Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы өз жұмысын өткізді.

         Кездесу барысында ауыл азаматтары баспана, жер мәселесін, тұрақты жұмыспен қамту, денсаулық, білім саласына қатысты сауалдарын көтерді.

         Бұл жоба тегін заң көмегін алу үшін тапсырмас іс-шараға айналды.