"Отбасында зорлық-зомбылыққа орын жоқ"

"Отбасында зорлық-зомбылыққа орын жоқ"

2024 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Анаға Тағзым" Жамбыл облыстық отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы және аз қамтылған аналардың қатысуымен "Отбасында зорлық-зомбылыққа орын жоқ" тақырыбында кездесу өтті.

         Кездесу барысында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш. Айнақұлов, бас маман Е. Салманова, адвокат Р. Молдабаева, нотариус Д. Мамаева, заң консультанттары С. Кошелекова, Тараз қаласы  полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы А. Мұсаева қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, түсініктеме берді.