24.11.2023 жылы Тараз қаласы полиция басқармасының ғимаратында Тараз қаласының №2 сотымен сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Тараз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» сот орындаушылары А. Нурханова мен Л. Бейсенбинованың, Жамбыл облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларының, Тараз қалалық прокуратурасының, Тараз қалалық полиция басқармасының, Жамбыл облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қазметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара аясында қылмыстық және азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін орындау және орындамау мәселелер, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқықтық нормалар талқыланды.
Дөңгелек устел қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағыттағы жұмысты бірлесіп жалғастыру туралы уағдаласты және тиісті ұсынымдар ұсынылды.