
Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Тараз қалалық № 6, №51 және № 19 орта мектептерінде кездесу өткізді. Кездесу барысында «Баланың құқықтары туралы», «Кибербуллинг дегеніміз не? Одан қалай құтылуға болады?» тақырыптары бойынша дәріс оқылып, жадынамар таратылды.