
2023 жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысының Әділет департаменті Жамбыл облыстық адвокаттар алқасымен бірлесе, мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша өткізіліп жатқан айлық аясында, № 14,19,21 және 44 Тараз қаласының орта мектептерінде құқықтық көмек көрсету бойынша кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында алимент, несие бойынша, үйге, жерге кезекке тұру, және басқада мәселелер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар азаматтарға консультациялар берілді.