«Бос орындар жәрмеңкесі»

«Бос орындар жәрмеңкесі»

Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен», «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесімен және Сарысу ауданының жеке сот орындаушысымен бірлесіп, қатысуымен 2023 жылдың 16 наурызында  «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің  ғимаратында Бос орындар жәрмеңкесі іс-шарасы, акция өтті.

Жәрмеңкеге жұмыс берушілер  Сарысу ауданы мен Жаңатас  қаласының  14 кәсіпорындары қатысып, 25 бос орындар ұсынылды.

Іс-шараға қатысқан алимент бойынша борышкерлер саны - 7, оның ішінде 3  борышкер жұмыс орындарына  жолдама алды.