Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

2023 жылдың 16 наурызында Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді  жұмысқа орналастыру мақсатында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау  жөніндегі Шу ауданаралық аумақтық  бөлімінің бастамасымен Қордай ауданының жеке сот орындаушылары, Қордай ауданы жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесі»  өткізілді.

Аталаған жәрмеңкеге  Қордай аудандық   кәсіпорындары қатысып,  16 бос орындар ұсынды.

Іс шараға   алимент бойынша 9 борышкерлер қатысып, оның жұмысқа жолдама  алғаны - 9.

Борышкерлерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі ұдайы тоқсан сайын өткізілуде және нәтижесін беруде.