Сандуғаш Ерсеитова ҚР Әділет министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Сандуғаш Ерсеитова ҚР Әділет министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ерсеитова Сандуғаш Әбдіразаққызы ҚР Әділет министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды. Әділет министрі Азамат Есқараев орталық аппараттың ұжымына Сандуғаш Әбдіразаққызын жаңа аппарат басшысы ретінде таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Министр аппарат басшысына Мемлекет басшысының Әділет органдары алдында қойған тапсырмаларын сапалы орындалу қажеттілігін атап өтті.

Бұған дейін Сандуғаш Ерсеитова ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры қызметін атқарған.