Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

2023 жылдың 25 қаңтарында, Талас аудандық сотының кеңсесінде, сот төрағасы Л.Дүкенбаеваның, аудан прокурорының көмекшісі Б.Қалмұратов, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары М.Қожахметов,  кеңсе меңгерушісі А.Қалабаев, жеке сот орындаушысы Е.Абзелбеков, мемлекеттік аға сот орындаушысы С.Капсалановтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында, жеке сот орындаушыларына, олардың өндірісіндегі атқару құжатын орындау барысында туындаған мәселелерді талқылап, оның шешілу жолдары қарастырылды.

Жиын соңында, жеке сот орындаушысы Е.Абзелбековке апта сайын сот актісін орындамаған борышкерлерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке (ӘҚБтК-нің 669 б.) тарту туралы ұсыныстарды мемлекеттік сот орындаушысына жолдау тапсырылды.