Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2023 жылдың 26 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаментінің ғимаратында, Әділет департаменті қызметкерлерінің, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің және жеке сот орындаушыларының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы №595 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу туралы» Қағидасын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Семинар барысында, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығы бойынша баяндама тыңдалып, жеке сот орындаушыларының сұрақтарына түсіндірмелер берілді және өзекті мәселелер талқыланды.