Заңды тұлғалардың және филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын ауыстыру тәртібі

Заңды тұлғалардың және филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын ауыстыру тәртібі

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер электрондық хабарлама негізінде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы автоматты режимде енгізіледі. Бұл талап барлық заңды тұлғаларға қолданылады.

Қазіргі уақытта хабарламалар беру порталын пысықтау үшін 2022 жылғы 1 қарашадан бастап электрондық үкімет порталында (бұдан әрі-ЭҮП) барлық заңды тұлғалардың (коммерциялық және коммерциялық емес) басшысын өзгерту бойынша қызмет көрсету тоқтатылды.

Жоғарыда көрсетілген форматтың өзгеруіне байланысты аумақтық әділет органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) кеңсе арқылы хабарламаларды қағаз түрінде қабылдауды жүргізеді.

Қазіргі уақытта ЭҮП заңды тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы ғана электрондық хабарламаларды беру бойынша Заңның 14-2-бабына сәйкес, енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңды тұлға жауапты болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар басшысының ауысуы туралы хабарламалар келіп түскен жағдайда, департаменттер мен Мемлекеттік корпорацияның филиалдары басшының өзгергені туралы мәліметтерді енгізе отырып, хабарламаларды қағаз жеткізгіште қабылдауды жүзеге асырады.