Заң клиникасы

Заң клиникасы

5 қазан 2022 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментімен Халықаралық Тараз инновациялық институтындағы «Заң клиникасы» жұмысы  аясында, құқықтық ағарту бойынша кездесу ұйымдастырды. 

         Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш.Ж.Айнақұлов бастаған құқықтық-ақпараттық топ, «Адвокаттар мен заң консультанттар жұмысы туралы», «Мемлекеттік органдарына орналасу тәртібі туралы», «Сот орындаушылар қызметі туралы» тақырыбында сөз сөйледі. Жамбыл облысы нотариалды палатасының төрайымы Л.Қ.Сырғабаева нотариат туралы баяндады.

Кездесу щеңберінде қойылған сұрақтарға толық жауап қайтарылып, пікір алмасу болды.