Заң көмегі

Заң көмегі

2022 жылдың 5 қазанында Жамбыл облысының Әділет департаменті Жамбыл облыстық адвокаттар алқасымен бірлесе, мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша өткізіліп жатқан айлық аясында № 25, 35, 36, 38, 39, 40 Тараз қаласының мектептерінде кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында алименттерді өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, жер алу және басқада мәселелер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар 81 азаматқа консультациялар берілді.