Заң көмегі

Заң көмегі

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің  құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің қызметкері мен адвокаттар,  № 19, 28, 55, 56, 57, 59 Тараз қаласының шалғай аудандарында орналасқан 6 (алты)  мектебінде, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында және құқықтық көмек көрсету айлығы негізінде кездесулер өткізді.

Мобильді топтар әлеуметтік сұрақтарға жауап қайтару мен бірге, тегін заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалардың тізімі туралы азаматтарды ақпараттандырып, жадынамалар таратты.