Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Жамбыл облысының Әділет департаменті (әрі қарай - Департамент) 2022 жылдың 17 тамыз айынан бастап жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды атестаттауға қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтініштер 2022 жылдың 26 тамыз айына дейін қабылданады.

Атестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» қағидасының 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.

Аттестация өткізілетін орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 55.

Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 55 мекен - жайында орналасқан Жамбыл облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінен немесе 8 (7262) 45 53 56 телефоны арқылы алуға болады.