«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

05 тамыз 2022 жылы Жамбыл облысы Әділет департаменті жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе,  «Алатау» мөлтек ауданында орналасқан  № 43 орта мектебінің алаңында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

 Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш.Ж.Айнақұлов бастаған құқықтық-ақпараттық топ құрамында: Д.Д.Сұлтанбеков - тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлім  басшысының м.а., А.Ж.Нурханова-мемлекеттік сот орындаушы, Л.А.Әбішова - құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, А.Усубалиева - Жамбыл облысы  адвокаттар алқасының адвокаты, Р.Шабанов - жеке сот орындаушысы; К.Бегалиев -  Жамбыл облысының заң консультанттар палатасының заң консультанты.

Сонымен қатар, іс-шара Тараз қалалық мәслихатының депутаты М.Нұрділлаұлы мен Тараз қаласының 9 округінің инспекторы Е.Удербаевтің қатысуымен өтті.

Іс-шара мақсаты, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі  жол картасының 66 тармағымен «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының 19 тармағын орындау.