Халыққа қызмет көрсету орталығында халық және қызметкерлер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді

Халыққа қызмет көрсету орталығында халық және қызметкерлер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді

Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Тараз қалалық № 3 бөлімінде, халық арасында және қызметкерлер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кездесуде, азаматтық хал актілерін тіркеуге өтініштер қабылдау барысында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексімен көзделген талаптар, Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша туындайтын сұрақтар және Е-Апостиль  сервистік бағдарламалық өнімі шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау бойынша сұрақтар талқыланды.