«Контрафакт» республикалық акциясы аясында үздік сурет байқауы өтті

«Контрафакт» республикалық акциясы аясында үздік сурет байқауы өтті

2022 жылдың 13 мамырында «Контафакт» республикалық акциясы аясында «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік сурет аймақтық байқауының қорытындысы шығарылды.

Конкурстық жұмыстарды аймақтық комиссиялық қарау қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Нұрланқызы Зәуре Әубакірдің және Әлімханқызы Айназ Айнабектің суреттері өзектілігі мен мазмұндылығы жағынан басқа ұсынылған жұмыстардан үздік деп іріктеп алынды.

Бұдан әрі, аталған үздік жұмыстар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық қорытынды кезеңге қатысу үшін жолданылды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылармен 2022 жылдың 20 мамырында жарияланады.