Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

2022 жылдың 25 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаменті Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімнің бас маманм Г.Джурабаевамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінде, Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылғаны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді және арнайы әзірленген жадынамаларды қызмет алушыларға табыстады.

Жоғарыда көрсетілген қызмет түрі, өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.

Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті беру және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу «элетрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.