Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

2022  жылдың 24 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Андасов Нұрғали Есиркепұлы Жамбыл ауданаралық  Әділет басқармасына және  Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөліміне жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында Әділет департаментінің басшысы ауданаралық Әділет басқармасының және сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің атқарып жатқан жұмысымен танысып, 2022  жылға арналған жұмыс жоспарымен алға қойылған басты міндеттермен танысып тиісті тапсырмалар берді.