Атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзгерістер

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзгерістер

2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші

деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Заңда келесі өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 39-бабы 2) тармақшамен толықтырылған, яғни борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.

Заңның 47-бабы 10) тармақшамен толықтырылған: «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес ипотеканың тоқтатылуы ақарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерінің бірі болып табылады. Яғни, «Республикалық бюджет туралы» Заңымен тиісті қаржылық жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерін екі есе асатын тыйым салынатын басқа мүлік немесе кірістер борышкерде - жеке тұлғада болмаған жағдайда.

Сонымен бірге, Заңның 74-бабының 2-тармағы 3) тармақшамен толықтырылған, сот орындаушысы борышкерге тұрғын үйді 3-ай мерзімге өз бетінше сату құқығын беруге міндетті (бұрын сот орындаушысы рұқсат беріп, дербес орындау мезімін белгіленген).

Сонымен қатар борышкерге беріглен мүлікті дербес жүзеге асыру  мерзімі өткенге дейін, мүлік сауда-саттыққа шығарыла алынбайды.

Елеулі заңнамалық өзгерістер электрондық сауданы өткізу тәртібіне әсер етті.

Заңның 80-бабына түзетулер бойынша электрондық аукционға сатып алушылар ретінде кепіл ұстаушы және оның жұмыскері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ онымен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар; егер оның жұмыскері немесе құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлға; егер оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) сауда-саттыққа екенші қатысушы болып табылса, жеке тұлға; сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы); борышкер қатыса алмайды.

Сондай-ақ, Заңның 80-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді:

Жылжымайтын мүліктің екі кезеңді электронды аукционы енгізілген. Егер бұрын аукцион құнның өсуімен басталып, содан кейін сатып алушы болмаған жағдайда бастапқы құнның 50 пайызы шекті мәнімен төмендетуге көшумен жалғасатын болса, қазір жылжымайтын мүлік аукционы екі кезеңде өткізіледі. Біріншісі борышкердің мүлік сатуға беру туралы қаулыда көрсетілген құнды ұлғайту мақсатында ғана жүзеге асырылады, және де мүлікті сатып алығысы келетіндер болмаған жағдайда аукцион өтпеген деп танылады. Екінші аукцион 10 жұмыс күнінен кейін өткізіледі, азайту шегі жылжымайтын мүлік бойынша бастапқы құнның 75 пайызын құрайды (яғни сату кезінде жылжымайтын мүлік бағалау құнының 75 пайызына тең сомаға сатылуы мүмкін) қалған мүлікке қатысты 50 пайыз төмендеу сақталады.

Сондай-ақ, Заңның 84-бабына енгізілген өзгерістеріне сәйкес, егер онлайн режимінде тіркелген екіден кем қатысушы қатысса, электрондық аукцион өтпеді деп танылады (техникалық мүмкіндіктері бар).

Заңның 126-бабында көзделген елеулі қосымша: мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастыру:

- ішкі істер органдарына борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге сот орындаушысы құқығын беру;

- сот орындаушысының азаматтық қаруды және оларға арналған патрондарды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың болуы туралы мәліметтерді сұратуға міндетті;

- атқарушылық құжат орындалған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрудың күшін жою сот орындаушысының міндеті болып табылады.