«Құқықтық кеңес»

«Құқықтық кеңес»

Жамбыл облысының Әділет департаменті "Құқықтық мәдениет" арнайы жобасы және жарияланған «Құқықтық кеңес» он күндік аясында, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық Жасөспірімдер үйі» КММ-де кездесу ұйымдастырды.

Заң консультант Курбанова Баян Калдыгуловна мен адвокат Дауленбай Назерке  құқықтық кеңестер берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі тәулік бойы тегін анықтамалық, консультациялық қызметтерін көрсететіні туралы ақпараттандырылып жадынама таратылды.