Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Жамбыл облысының Әділет департаменті (әрі қарай - Департамент) 2021 жылдың 12 қазаннан айынан бастап жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды атестаттауға қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтініштер 2021 жылдың 11 қараша айына дейін қабылданады.

Атестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.

Аттестация өткізілетін уақыты мен орны: 2021 жылдың 24 қараша сағат 10:00-де Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 55.

Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, Төле би даңғылы 55 мекен-жайында  орналасқан Жамбыл облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінен немесе 8 (7262) 45-25-67 телефоны арқылы алуға болады.