Алимент бойынша борышкерлерге жұмыс табуға көмек көрсетілді

Алимент бойынша борышкерлерге жұмыс табуға көмек көрсетілді

Бүгінгі күні Жамбыл облысының аумағында 102 жеке сот орындаушысы өз қызметін атқаруда, олардың орындауында 14 365 алимент төлемдерін өндіру туралы атқарушылық өндірістері бар, оның ішінде 5 177 атқарушылық өндірістер мерзімдік өндірілуде болса, ал 138-і проблемалық алименттер.

Дәл соңғылары үшін ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде қалалық Халықты жұмыспен қату орталығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 12 кәсіпорын 112 аса жұмыс орнын ұсынды.

 Іс шараға Тараз қаласының прокуратурасы, Жамбыл облысының Әділет департаменті, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы қатысты. Іс шараның басты мақсаты қоғамның осал топтарының мүдделерін қорғау – балалар және жалғыс басты аналар.

Нәтижесінде, 30 тұлға жәрмеңкеге қатысып, оның 17 жұмысқа жолдама алды.

Аталған іс-шара «Jambyl» телеарнасымен жарияланды.