Отбасы күніне арналған іс-шара

Отбасы күніне арналған іс-шара

Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Шынғыс Жұмабайұлы Айнақұлов "Отбасы күні" қарсаңында жас-жұбайларға салтанатты түрде неке қию куәліктерін тапсырып, құттықтады.

         "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығы мен 2013 жылдан бері  қыркүйектің екінші жексенбісінде "Отбасы күні" мерекеленеді.

         Пандемия кезінде әр адам отбасының маңыздылығын сезінді, денсаулық пен жақындарының амандығы ең жоғары құндылық деп білді.

         Ұлы жол-отбасы табалдырығынан, үлкенді құрметтеу және отбасы мүшелері арасында өзара түсіністік пен сыйластықта құрылған отбасынан басталады, ал мемлекет отбасын  қорғаудың ең жоғары деңгейде қамқорына алды.