Электрондық форматта мемлекет кепілдік берген заң көмегін төлеу бойынша жұмыс тобының кездесуі өткізілді

Электрондық форматта мемлекет кепілдік берген заң көмегін төлеу бойынша жұмыс тобының кездесуі өткізілді

2021 жылы 9 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің «Электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы»  бірлескен бұйрығын жүзеге асыру барысында жұмыс тобының кездесуі өткізілді.

Кездесуге прокуратура органдарының, полиция департаментінің, желілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, облыстық адвокаттар алқасының қызметкері мен адвокаттары және «ҰАТ» АҚ қызметкері қатысты. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету барысында электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындаунда  туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.