Жамбыл ауданында тұрғындармен «Бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз» тақырыбында кездесу өткізілді

Жамбыл ауданында тұрғындармен «Бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз» тақырыбында кездесу өткізілді

2021 жылдың 04 маусымында Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы мен аудандағы Қоғамдық келісім кеңесі, жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау органдары, этномәдени орталық бірлестіктері өкілдерінің қатысумен («Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі, «Ахыска» түрік  этномәдени бірлестігі, «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігі) аудан тұрғындарымен Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігн арттыру мақсатында «Бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында, ұлтаралық қақтығысты болдырмау мақсатында және мемлекетіміздің басқа да өңірлерінде орын алған жағдайларды ескере отырып қандай жұмыстар атқару керектігі  туралы,  өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған ауылдық округтердегі проблемалық мәселелер және оны шешу жолдары талқыланды.