«Контрафакт» Республикалық акциясы

«Контрафакт» Республикалық акциясы

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары, құқық иеленушілер, кәсіпкерлер, орта және жоғарғы оқу орындарының оқушылары мен студенттері!

Жамбыл облысы  Әділет Департаменті ағымдағы жылдың 12 мамыры мен 30 мамыры аралығында өткізілетін «Контрафакт» Республикалық акциясының бастау алғанын хабарлайды.

Бұл акция зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен ұйымдастырылып отыр.

         Аталған акция шеңберінде мүдделі тұлғалар үшін келесі байқаулар ұйымдастырылады:

1) 2021 жылдың 12 мамыры мен 25 мамыры аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 15 жасқа дейінгі (10 жастан 12 жасқа дейін, 13 жастан 15 жасқа дейін) балаларға арналған үздік сурет байқауы;

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – аймақтық, Жамбыл облысы Әділет департаментінде. Әділет департаменті құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша әрбір жас санатындағы бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;

екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2021 жылғы 31 мамырда өткізіледі. Байқаулық комиссия үздік жұмысты іріктейді.

Қатысушылар суреттерді қағаз және/немесе электрондық түрде (фотосурет) 2021 жылдың 25 мамырынан кешіктірмей g.kuatbekov@adilet.gov.kz , ye.baimoldayev@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайларына ұсыну қажет.

2) 2021 жылдың 12 мамыры мен 30 мамыры аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік ұранға байқау (14 жас және одан жоғары жас санатында);

Үздік ұранға байқау аймақтық кезеңді қажет етпейді, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Instagram әлеуметтік желісінде, қатысушының жеке парақшасында (accaunt) ұранды орналастыру арқылы өткізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша 8/7262/43-12-20, 8/701/ 737 91 71, 8/702/ 788 22 88 нөмеріне жүгіне аласыздар.