«Жеке сот орындаушыларының атқарылған жұмыстарының қорытындысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Жеке сот орындаушыларының атқарылған жұмыстарының қорытындысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2021 жылдың 12 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының төрағалығымен Әділет департаменті қызметкерлерінің, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының және Жамбыл облысы бойынша барлық жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы «Жеке сот орындаушыларының 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарының қорытындысы және жеке сот орындаушыларының ар намыс Кодексін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы және жеке сот орындаушыларының ар намыс Кодексін бұзу фактілері бойынша баяндамалар тыңдалды. Нәтижесі бойынша өңірлік палата басшысына және барлық жеке сот орындаушыларына нақты міндеттер мен мақсаттар қойылды.