Алимент қарызын өндіру тәртібі бойынша кеңес

Алимент қарызын өндіру тәртібі бойынша кеңес

Құқықтық насихат саласындағы жұмыстарды жүргізу Әділет органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуын халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен бөліп қарауға болмайды. Құқықтық мәдениетті көтеру, халықтың құқықтық санасын дамыту – бұл тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие.

Осыған байланысты, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 ақпан 2021 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірсті қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері С. Узакбаевпен алимент қарызын өндіру тәртібі бойынша кеңес берілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.