
ҚҰҚЫҚТЫҚ КАБИНЕТ – ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛУДЕН БАСТАЛАДЫ!
Құқығыңызды білесіз бе?
Заң бойынша сұрағыңыз бар ма?
Қажетті ақпаратты қайдан алуға болады?
Енді бұл сұрақтардың жауабын алыстан іздеудің қажеті жоқ!
Шу ауданындағы Өндіріс, Қорғаты және Шоқпар ауылдық округтерінде орналасқан «Құқықтық кабинеттер» тұрғындарға құқықтық ақпарат пен кеңес алуға, заңнамалық құжаттармен танысуға және электрондық құқықтық сервистерді пайдалануға көмек көрсетеді.
Мұнда сіз:
— заңнама бойынша қажетті ақпарат ала аласыз;
— өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз туралы түсінік ала аласыз;
— e-Otinish арқылы өтініш беру тәртібімен таныса аласыз;
— eGov, «Әділет», «Ашық НҚА», «Сот кабинеті» секілді электрондық сервистерді пайдалануға көмек ала аласыз.
🎯 Басты мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнаманы түсіндіру және әр азаматқа қажетті құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Өзқұқығыңдыбіл!
Заңдықұрметте!
Құқықтықсауатты бол!