«Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
![«Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.]()
2026 жылдың 08 қыркүйек күні, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 20.12.2024 жылы өткен кеңейтілген алқа отырысының №1 хаттамасының 1.13 тармағының талаптарын орындау мақсатында Жамбыл облысы Әділет департаментінің 13.01.2026 жылғы, №01-1/1629-BH санды іс-шара туралы жоспарына сәйкес «Шу ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің» аға сот орындаушысы Кенбаев Ернар Еркинович балалар құқығы бойынша уәкілі, психолог, адвокат, мектеп басшылары және білім бөлімімен бірлесе отырып, Шу ауданы білім бөлімінің М.Әуезов атындағы мектеп оқушыларына «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шаралар барысында қатысушыларға заң нормалары, құқық бұзушылықтың түрлері және оның олардың салдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде тәртіп сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігі жөнінде әңгіме жүргізілді.