«Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңашылдықтар бойынша этномәдени бірлестіктермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында кездесу өтті.

«Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңашылдықтар бойынша этномәдени бірлестіктермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында кездесу өтті.
 

21.07.2026 жылы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ж. Досмырзаевамен “Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңашылдықтар бойынша этномәдени бірлестіктермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара барысында, этномәдени бірлестіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, оларды қолданыстағы талаптарымен таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қайта тіркеу рәсімдері, қажетті құжаттар тізбесі, өтініш беру тәртібі және заң талаптарын орындау жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне сұрақтарға жауаптар беріліп, заңнамадағы өзгерістерді іске асырудың практикалық тетіктері талқыланды.