2026 жылдың 20 шілдесінде Жамбыл облысының Әділет департаменті Ұлттық зияткерлік меншік институтымен (Kazpatent) бірлесіп, Zoom платформасы арқылы онлайн форматта зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелері бойынша елімізде орналасқан отандық өндірушілердің және кәсіпкерлік палата өкілдерінің қатысуларымен семинар өткізілді. Іс-шара барысында спикерлер тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу, аталған объектілерді құқықтық қорғау ерекшеліктері, сондай-ақ бизнесті жосықсыз бәсекелестіктен қорғау тетіктері туралы түсіндіріп өтті.