📌 2026 жылдың 15 маусымында Жамбыл облысының Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы А. Алжанбаевамен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған Жұмыс жоспарының 2.5 тармағын орындау мақсатында, қызметкерлермен және Жамбыл облысы полиция департаменті жеке құрам инспекциясының аға инспекторы А.Айдынбековпен, Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Е. Жакыповпен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілімен:
🔷 «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуге;
🔷 мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға; 🔷 мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару тақырыптарында семенар-қенес өткізілді.