Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: жұмыс өтілі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы |
||
|
min |
avg |
max |
|
|
С-О-5 |
305232 |
323914 |
350615 |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті, 080000 индексі, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 55, анықтама үшін телефон: 8(7262)433576, электрондық мекенжай: a.alzhanbayeva@adilet.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің, уақытша, негізгі қызметкер Т.Т. Рыскулбекованың бала күтімі жөніндегі демалыста болу кезеңіне (2027 жылдың 07 қазанына дейін), бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуін жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды, лицензия алу үшін тапсырылған құжаттарды уәкілетті органға жолдауды қамтамасыз етеді, жеке сот орындаушыларының іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауын тексереді, жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, өз өкілеттігі шегінде басқа да тапсырмаларды орындайды. Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарын жүргізеді. Құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысады (А блогы).
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық).
Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесу өткізу мерзімі: 2026 жылдың 15 мамыры.
Әңгімелесу өткізу орны: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №55.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурстық комиссияның отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күн ішінде ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Азаматтар ішкі конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Кандидаттардың ішкі конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануына жол беріледі.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
1-қосымшасы |
|
|
________________________ |
|
|
________________________ |
|
|
________________________ |
|
|
тел.____________________ |
|
|
эл. мекенжайы __________ |
Өтініш
Мені ____________________________________________________________
_________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___" _______________