«Интернет-алаяқтық» туралы тақырыбында лекция оқылды.

«Интернет-алаяқтық» туралы тақырыбында лекция оқылды.
 

29.04.2026 жылы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ж. Досмырзаевамен Жамбыл облысы әкмдігінің білім басқармасның «Жамбыл инновациялық жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық косіпорнында «Интернет-алаяқтық» туралы тақырыбында лекция оқылды.
Іс-шара барысында, білім алушиларға интернет желісінде құқыққа қайшы әрекеттер жасауға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа жол берілмейтіні туралы тусіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған әрекеттердің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 190-бабында («Алаяқтық»)
көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрайтыны және олардың ауырлығына әрі саралаушы белгілеріне байлансты бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны ерекше атап өтілді.
Алдау, жаңылыстыру, заңсыз түрде ақшалай қаражат алу немесе дәрбес және банктік деректерге қол жеткізуге бағытталған кез келген әрекеттер қоғамға қауіпті больп табылатыны және заңнамада белгіленген тәртіппен қудаланатынына назар аударылды. Қатысушыларға жеке деректерді, банктік карта реквизиттерін, растау кодтарын үшінші тұлғаларға беру, сондай-ак заң мен тәртіп талаптарын бұзу ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен қудаланатыны назарға жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тәлімгерлер мен мұғалімдердің сұрақтарына жауаптар беріліп, интернет желісінде ақпарат алмасудың ең ірі құралы бола отырып, ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қылмыстардың қарқынды өсуі туралы айтылды.