"Интернет-алаяқтық" тақырыбын лекция оқылды

23.04.2026 жылы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу жене тіркеу кызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Р. Норматова мен Ж. Досмырзаева және Жамбыл облысының адвокаттар алқасының адвокаты А.Оспановамен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М. Мэметова атындағы Nº 27 орта мектебі» КММ-де «Интернет-алаяқтық” тақырыбын лекция оқылды.
Іс-шара барысында, алаяқтықтың алын алу үшін интернет желісінде мобильді нөмерлер туралы мәліметтерді олардың сауалнама деректеріне байланстырмай, әлеуметтік желідегі парақшаларда, желіде берілетін хабарландыруларда ұялы телефон нөмерін аты-жөнімен, тұрғылықты мекенжаймен және басқа да жеке ақпаратпен қатар көрсетпеу банктік карталарға және «Мобильді банк» қызметіне тіркелген ұялы телефон нөмірлерін интернет желісінде пайдаланбау керектігі туралы түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша оқушылар мен мғгалімдердің сұрақтарына жауаптар беріліп, интернет желісінде ақпарат алмасудың ең ірі құралы бола отырып, ақараттық технологияларды пайдалануға байланысты қылмыстардың қарқынды өсуі туралы айтылды.