
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен «Ауыл Береке» базарында қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету бойынша акция ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты-азаматтарға құқықтық көмек көрсету және халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Акцияға департамент қызметкерлері, адвокаттар алқасының адвокаты, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының жеке сот орындаушысы, нотариат палатасының нотариусы, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.