«Әділет кеңес береді» акциясы.

«Әділет кеңес береді» акциясы.

 

2026 жылғы 27 наурыз күні «Mart» сауда-ойын-сауық орталығында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — азаматтарға құқықтық көмек көрсету және халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

Акция аясында тұрғындар Әділет департаментінің қызметіне, сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік заңнама нормаларына қатысты кең ауқымды құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алды.

Іс-шараға департамент қызметкерлері, Адвокаттар алқасының адвокаттары, Заң консультанттары палатасының мүшелері, Нотариаттық палатаның нотариустары, Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының жеке сот орындаушылары, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акция барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және заң көмегіне жүгіну тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.